Бельгияның және Люксембургтің компаниялары қазақстандық нарықта өз бизнестерін кеңейтуге қызығушылық білдірді

Бельгияның және Люксембургтің компаниялары қазақстандық нарықта өз бизнестерін кеңейтуге қызығушылық білдірді

Брюссель, 2022 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан өндірістік желілерді аралап, Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өз бизнесін дамыту мүмкіндіктерін қарастырып жатқан Norditube Technologies (Бельгия) және Faymonville (Люксембург) компанияларының басшылығымен келіссөздер өткізді.

Льежде өткен кездесуде құбырларды траншеясыз қалпына келтіру технологияларының әлемдік жетекші компанияларының бірі болып табылатын Norditube Technologies-тің Өндіру жөніндегі директоры Фабрис Пиро бизнесті Орталық Азия елдерінде дамыту мақсатында қазақстандық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты. Айта кеткен жөн, бельгиялық компанияның жоғары технологиялық шешімдері инженерлік желілерді қалпына келтіру құнын екі еседен астамға азайтады. Компанияның бүкіл әлем бойынша әртүрлі модификациядағы және мақсаттағы құбыр желілерін сәтті қалпына келтіруде үлкен тәжірибесі бар.

Сонымен бірге, люксембургтік Faymonville компаниясы, ірі көлемді жүктер үшін арнайы трейлердердің жетекші өндіруші, аймақтағы тұтынушыларға қолдау көрсету үшін қазақстандық серіктестермен бірге өз жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қызығушылық білдіруде.

Люксембургте Елшісі М. Баймұхан Еуропалық инвестициялық банктің басқарушы директоры Рафал Рыбацкиймен де кездесті. Қазіргі уақытта банк басшылығы Қазақстан экономикасын дамытудың өзекті мәселелерін, бірқатар экологиялық проблемаларды шешуге оң әсерін тигізетін, энергия үнемдейтін технологияларды енгізуге ықпал ететін еліміздегі нақты жобаларды зерделеуде. Банк делегациясының Қазақстан аймақтарына кезекті жұмыс сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.