Люксембургте тұратын қазақстандықтар ҚР Президенті Жолдауының талқылауына қатысты

Люксембургте тұратын қазақстандықтар ҚР Президенті Жолдауының талқылауына қатысты

Люксембург, 2022 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұханның Люксембургте тұратын Қазақстан азаматтарымен кездесуінде Президент Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауының негізгі аспектілері қызығушылықпен талқыланды.

Кездесу қазақстандықтардың бір-бірімен танысуына және Қазақстан Республикасының Бельгия мен Люксембургтегі дипломатиялық миссиясының басшысына сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.

Қазақстандағы жастарды мемлекеттік қолдаудың жаңа нысандары, әсіресе кәсіптік-техникалық білім алу мәселелері, Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тартудың өзекті шаралары жөнінде пікір алмасу орын алды. Елші Люксембургтегі және Батыс Еуропаның басқа елдеріндегі ірі жоғары технологиялық компанияларда, соның ішінде Amazon, PWC және т.б., жұмыс істейтін қазақстандықтарды басқа елдерден білікті мамандарды, оның ішінде отандастарды Қазақстанға жұмысқа тарту шаралары туралы хабардар етті. Кездесуге қатысушылар өз кезегінде еліміздің ұлттық мәдениеті мен туристік әлеуетін шетелде насихаттауға белсенді қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Қазақстандықтарды Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының кәмелетке толмаған азаматтары үшін арнайы жинақ шоттарын ашу туралы бастамасын жүзеге асыру тетіктері де қызықтырды.

Сонымен қатар, Елші кездесуге қатысушыларға Қазақстан-Люксембург қатынастарының дамуы, Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың тарихы мен келешегі, жоспарланған президенттік және парламенттік сайлаулар, экономиканы цифрландыру саласындағы ағымдағы мемлекеттік жобалар және жасыл технологияларды дамыту бойынша ақпараттандырды.