Қазақстан мен Бельгия арасындағы көлік пен логистика саласындағы ынтымақтастық туралы

Қазақстан мен Бельгия арасындағы көлік пен логистика саласындағы ынтымақтастық туралы
Елші Марғұлан Баймұхан барлық модификациядағы көлік терминалдарының (темір жол, теңіз, автомобиль көлігі және қойма), сондай-ақ шекаралық өткелдердің тиімділігін арттыру және цифрландыру үшін автоматты және операциялық жүйелерді өндіру бойынша Бельгияның CAMCO Technologies жоғары технологиялық кәсіпорнында болды.
Компания басшылығымен қазақстандық көлік-логистикалық құрылымдармен, оның ішінде CAMCO Technologies компаниясының «Транслогистика Қазақстан» 25-ші халықаралық көрмесіне қатысуы аясында (20-22.09.22, Алматы) мақсатты B2B кездесулерін ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді. TransLogistica Kazakhstan – Орталық Азиядағы көлік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың ең ірі көрмесі.
Сонымен қатар, «Бельгия-Қазақстан» Парламентаралық топтың төрағасымен Тим Ванденпутпен мазмұнды кездесу өтті. Оның барысында алдағы екіжақты іс-шаралар, «Орта дәліз» халықаралық көлік-транзиттік бағытын дамыту перспективалары және т.б. талқыланды.