
Брюссель, 2022 жылғы 5 маусым – Бүгін ҚР Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі жанында ұйымдастырылған №241 референдум учаскесінде Бельгия мен Люксембург аумағында тұрып жатқан және сапармен жүрген Қазақстан азаматтары еліміз үшін маңызды саяси оқиға – ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша жалпы республикалық референдумға қатыса алды.
Референдум күні елшілік қонақтары болып дауыс беретін қазақстандықтар ғана емес, жерлестерімен кездесіп, халықтың тікелей демократиясы мен ерік білдіру фактісі ретінде тарихи маңызы бар оқиғамен ішінара араласқысы келген біздің диаспораның өкілдері де келді.
Брюссель референдум учаскесі учаскелік комиссиясының төрағасы, Бельгиядағы Елшіліктің кеңесші-уәкілі Тимур Сұлтанғожиннің айтуынша, дипломатиялық мекеме аталған іс-шараға қатысу мүмкіндігі мен маңыздылығы туралы ҚР азаматтарын хабардар ету бойынша дәйекті жұмыс жүргізді. Шетелдік мекеменің веб-сайтында, әлеуметтік желілерінде және мессенджерлерінде елшілік жанындағы учаскенің жұмысы туралы тиісті ақпарат орналастырылды.
Дипломаттың пікірінше, референдум учаскесіне күні бойы келген қазақстандықтардың белсенді қатысуы мен тұрақты ағымы отандастардың елдің қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығының артып келе жатқанын және әрбір жеке азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысуға деген ұмтылысының куәсі.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, учаскелік референдум комиссиясы учаскеге бірінші болып келген ең белсенді қатысушыны, сондай-ақ өзінің дауыс беру құқығын алғаш рет іске асырып отырған жас қазақстандықтарды естелік сыйлықтармен атап өтті.
Брюссельдегі қазақстандық референдум тек ресми іс-шара ғана емес, сонымен қатар Отаннан алыс орналасқан учаскеге келушілер үшін отандастармен жылы қабылдау мен достық кездесу ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 5 маусымда қазақстандықтар 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба» мәселесі бойынша жалпыхалықтық дауыс беруге қатысқан болатын. Қабылданған жағдайда, өзгерістер ҚР Конституциясы баптарының үштен біріне қатысты болады.