Жеңіс күнінің мерейтойы мен ҚР Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қызметкерлері Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімін өткізді.
- Бүгін біз Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын атап өтудеміз. Осыған орай, Тәуелсіздігімізді, елімізді кәсіби тұрғыда қорғайтын Қазақстанның барлық әскери қызметкерлерін осы мерекемен және ерекше датамен құттықтағым келеді.
9 мамыр – мереке күні. Елін фашизмнен, басқыншылардан қорғаған ата-бабаларымызға үлкен естелік, зор алғыс пен тағзым. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерен құрбандықтары есімізде. Бүгін Бельгияда біз ата-бабаларымыздың ерліктерін ризашылықпен еске аламыз, деді Қазақстан Елшісі.
Брюссельдегі Эвер коммунасының қалалық зиратында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқандардың жаппай бейіттері орналысқан.
Қоршалған аумақта қаза болғандардың аты-жөні жазылған шағын құлпытастар орнатылған.