
Брюссель, 2022 ж. 5 мамыр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қазақстан аумағында Бельгия Корольдігінде берілген КВИ-ға қарсы вакцинациялау паспорттарын (сертификаттар және анықтамалар) жарамды деп тану туралы шешім қабылдады.
Өз кезегінде Бельгия Корольдігі КВИ-ға вакцинациялау туралы қазақстандық сертификаттарды танитынын хабарлады (Comirnaty (Pfizer-BioNTech), Sinopharm и CoronaVac (Sinovac) вакциналар).
Қазіргі кезде Бельгия Еуропалық Дәрілік Заттар Жөніндегі Агенттік немесе Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы таныған КВИ-ға қарсы вакциналарын тануда (Modernа, Comirnaty (Pfizer-BioNTech), Janssen (Johnson&Johnson), AstraZeneca, Sinopharm, CoronaVac (Sinovac), Bharat Biotech (Covaxin), Covishield, Covovax, Nuvaxovid (Novavax).
Бұдан былай, Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігінің вакцинациялау паспорттарының иелері визалық режимді сақтай отырып, шектеусіз (ПТР-тест және карантин) Бельгия мен Қазақстанға еркін саяхаттай алады. Бұл ҚР мен ЕО арасында еркін жүріп-тұру үшін шектеу шараларын алып тастау жолындағы тағы бір маңызды қадам.
Бұдан басқа, Аргентинада, Белизде, Боливияда, Бразилияда, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезияда, Иранда, Иорданияда, Испанияда, Канадада, Қырғызстанда, Мальдивтерде, Моңғолияда, Арменияда, Беларусьте, Молдовада, Перуде, Сан-Маринода, Сербияда, Тунисте, Үндістанда, Филиппинде, ҚХР Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданда, Таиландта, Түркияда, Өзбекстанда, Черногорияда, Чехияда, Шри-Ланкада, Эквадорда, Эстонияда және Жапонияда берілген КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың паспорттары/сертификаттары/анықтамалары ҚР-да танылады.