Бельгиялық парламентшілер Қазақстандағы реформаларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті

Бельгиялық парламентшілер Қазақстандағы реформаларды жалғастырудың маңыздылығын атап өтті

Брюссель, 2022 жылғы 5 мамыр – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан, Брюссельдегі Қазақстанның Елшілігінде, Өкілдер палатасы мен Бельгия Сенатындағы «Бельгия-Қазақстан» достық тобының депутаттарымен кездесті.

Қазақстандық дипломат бельгиялық парламентшілер алдында сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы айтты.

Сондай-ақ, М. Баймухан депутаттардың назарын Қазақстанның цифрландыру саласындағы жетістіктеріне, еліміздің көлік әлеуетін іске асыруға, ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты жобаларға аударды.

Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібінің кең ауқымын, соның ішінде Ауғанстандағы жағдайды, Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы қақтығысты, сондай-ақ бельгиялық парламентарийлердің Қазақстанға жоспарланған сапарларын талқылады.

ҚР Елшісі азаматтық қоғамға мемлекеттік институттар мен Қазақстан жұртшылығының өзара іс-қимылының анағұрлым тиімді моделін құруға белсенді қатысуға мүмкіндік беретін ү.ж. маусым айында өтетін конституциялық референдумды жеке айтты. Бельгиялық саясаткерлер жалпыхалықтық референдум өткізу халықтың мемлекеттік басқаруға қатысуының тиімді құралы екенін баса айтты.

Бельгия Өкілдер палатасының мүшесі Гедель Ликенс Қазақстанның гендерлік саясат саласындағы жетістіктерін, сондай-ақ еліміздің үшінші елдерге көмек көрсету мәселесі бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын ерекше атап өтті.

Қазақстан Елшісі бельгиялық депутаттарды Қазақстанның антиядролық бастамаларымен, гуманитарлық бағдарламаларымен, сондай-ақ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық мәселелерімен таныстырды.

Шара аясында Қазақстан Елшісі «Бельгия-Қазақстан» достық тобының төрағасы, Өкілдер палатасының депутаты Т.Ванденпутқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік медальді табыс етті.

Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасының келешегі туралы айта отырып, Достық тобының төрағасы Т.Ванденпут Брюссель мен Нұр-Сұлтан арасында тікелей әуе рейсін ашудың орындылығына назар аударды, бұл Қазақстан мен Бельгия, сондай-ақ Еуропалық Одақ арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты жандандырады деп айтты. Бельгиялық депутаттар, достық тобының бұл мәселе бойынша көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.