Еуропалық инвестициялық банк Қазақстандағы қызметін күшейтуде

Еуропалық инвестициялық банк Қазақстандағы қызметін күшейтуде

Люксембург, 2022 жылғы 28 сәуір – Қазақстанның Елшісі М.Баймұхан Люксембургте Еуропалық инвестициялық банк басшылығымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесу барысында ЕИБ өкілдерінің Қазақстанға жақында жасаған сапарының қорытындылары қаралды. Сондай-ақ, қазақстандық шаруашылық субъектілерімен жоспарланған экономикалық және әлеуметтік жобалар талқыланды.

Шығыс және Орталық Азия елдері бойынша несиелік операциялар басқармасының басшысы Р.Рыбацкий қаржы институтының Алматыда жасыл экономика және цифрландыру саласындағы бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар ҚР-да жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды, Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім мен Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясы аясында Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.