
Брюссель, 2022 жылғы 26 сәуір – Қазақстандық тараптың бастамасымен, Елші М.Баймұхан Бельгияның Кеден және акциз бас басқармасының директоры К.Вандерваренмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар Бельгияның кедендік аумағында қазақстандық жүктердің өткізілуі мен транзиттік тасымалдауы мәселелерін талқылады. ҚР Елшісі, санкциялар аясында, қазақстандық жүктерге қатысты кемсітушілік шаралардың алдын алу қажеттілігіне баса назар аударды.
Өз кезегінде К.Вандерварен мырза бүгінге дейін Бельгия кеден органдары ел аумағында қазақстандық тауарларды заңсыз ұстау фактілерін тіркемегенін атап өтті. Сонымен бірге, К.Вандерварен мырза Бельгияның Кеден және акциз жөніндегі бас басқармасы өз бөлімшелеріне қазақстандық тауарларға қатысты қандай да бір шектеу шараларының жоқтығы туралы қосымша хабарлайтынына сендірді.
Тараптар қазақстандық және бельгиялық шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жұмыс байланысын жалғастыруға келісті.