Бельгиялық фермерлер Қазақстанға бизнес-миссиямен барады

Бельгиялық фермерлер Қазақстанға бизнес-миссиямен барады

Брюссель, 2022 жылғы 20 сәуір – Елші М.Баймұхан «EcoDynamics» компаниясының басшылығымен және бельгиялық ақ-көк ет тұқымы BWB (Belgian White Blue) ірі қара малдың бельгиялық фермаларының бірінің иелерімен кездесті.

Бельгиялық фермерлердің Қазақстанға сапарын 2022 жылғы мамырда ұйымдастыруға қол жеткізілді.

Бизнес-миссия барысында ҚР АШМ басшылығымен, ҚР ветеринарлық қызметтерімен, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Алматы және Қостанай қалаларындағы қазақстандық аграршылармен кездесулер жоспарланған. 

Бельгиялық бизнесмендер Қазақстанға дайын өнімді экспорттаумен қатар, қазақстандық фермерлер мен ветеринарларды технологиялық оқытуды, фермерлік шаруашылықтарды басқаруды қамтамасыз етуге ниетті.

***

Бельгиялық «EcoDynamics» компаниясы бельгиялық «Blockeel» фермасымен ынтымақтастықта Қазақстанға бельгиялық ақ-көк тұқымның эмбриондарын ұзақ мерзімді негізде жеткізуге дайын. Бұл тұқым 1956 жылы Бельгияда өсірілді және жоғары сұрыпты ет өндірісі бойынша чемпион тұқым болып саналады. Бұл тұқымның бір бұқаның салмағы 12 ай ішінде 600 кг-нан асады.