Антверпен теңіз портының басшылығы: қазақстандық жүктерге қызмет көрсетуде кедергі жоқ

Антверпен теңіз портының басшылығы: қазақстандық жүктерге қызмет көрсетуде кедергі жоқ

2022 жылғы 23 наурыз, Антверпен қ. – қазақстандық экспорттық өнімді ілгерілету және қазақстандық жүктердің негізсіз кідірістерін жою мақсатында Елші М.Баймұхан Антверпен халықаралық портының Вице-президенті Люк Арноутспен кездесті. Жүздесу барысында қазақстандық дипломат теңіз терминалының басшылығы мен операторларына Батыстың санкциялық шараларына жатпайтын қазақстандық жүктерді кемсітпеуге шақырды. 

Порт басшылығының айтуынша, бүгінгі таңда қазақстандық жүктерді тиеуді тоқтату жағдайлары тіркелген жоқ, бұдан басқа, қазақстандық жүктерді бұғаттау бойынша ЕО институттары мен Бельгия федералдық үкіметінің қандай да бір шешімдері жоқ.

Л.Арноутс Антверпен порты жанында жұмыс істейтін теңіз операторларын қазақстандық жүктерге қатысты шектеу шараларының жоқтығы туралы қосымша хабардар ететініне сендірді. 

Қазақстандық елші Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауы туралы айтып берді. Мемлекет басшысының реформалары елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуын едәуір жандандыратынын атап өтті. Л.Арноутс Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар мен қайта құрулардың ауқымы мен жылдамдығына таң қалды. Сонымен қатар, М.Баймұхан халықаралық көлік-транзиттік дәліздер төңірегіндегі қазіргі тұрақсыз ахуал тұрғысынан санкциялық тәуекелдерді азайту үшін балама бағыттардың мүмкіндіктері туралы айтып берді. Қазақстандық және бельгиялық теңіз сауда порттары арасындағы ынтымақтастықты жандандырып, Ақтау, Құрық, Антверпен және Зебрюгге төрт порты басшыларының онлайн кездесуін ұйымдастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, қазақстандық елші халықаралық көлік-транзиттік дәліздер төңірегіндегі қазіргі тұрақсыз ахуал тұрғысынан санкциялық тәуекелдерді азайту үшін балама бағыттардың мүмкіндіктері туралы айтып берді. М.Баймұхан қазақстандық және бельгиялық теңіз сауда порттары арасындағы ынтымақтастықты жандандырып, Ақтау, Құрық, Антверпен және Зебрюгге төрт порты басшыларының онлайн кездесуін ұйымдастыруды ұсынды.

Өз кезегінде, Л.Арноутс онлайн форматындағы кездесуге қатысуға дайындығын білдіріп, Бельгия Корольдігінің кеден қызметтерінің өкілдерін шақыруды ұсынды.

Тараптар екі елдің порт инфрақұрылымы менеджменті бойынша бірлескен оқу курстарын ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға, сондай-ақ алдағы онлайн келіссөздердің сапалы күн тәртібін жасау жөніндегі жұмысты бастауға уағдаласты.

2022 жылғы наурыз айының соңында Елші М.Баймұханның Еуропалық теңіз порттары ұйымының (ESPO) басшылығымен кездесуі жоспарланған.

***

Бельгияның Антверпен теңіз порты әлемдегі ең үлкен 20 порт тізіміне кіреді және Еуропалық Одақта 2-ші орында (Нидерландыдағы Роттердам портынан кейін). Порт 13 000 га, 1100 км темір жолды алып жатыр. Портта 143 000-ға жуық жұмыс орны құрылды, 1000 компания жұмыс істейді, Бельгияның ЖІӨ-дегі үлес салмағы 4,1%-ды құрайды.

Порт аумағында «APEC» оқу орталығы жұмыс істейді, ол Бельгияда да, шетелде де барлық деңгейдегі порт қызметкерлері үшін мамандандырылған курстар мен оқу сапарларын ұйымдастырады.