
Шығыс Фландрия, Бельгия, 2022 жылғы 17 наурыз – Елші М.Баймұхан Бельгияның Солтүстік провинциясы Шығыс Фландрияға барды. Онда ол бельгиялық көк ет тұқымының BWB (Belgian White Blue) ірі қара малын өсіруге маманданған бельгиялық ірі фермалардың бірі және «EcoDynamics»компаниясының басшылығымен кездесті. Жүздесуге Ауденарде қаласының мэрі және оның орынбасары қатысты.
Бургомистр Марник Де Майлмейстермен кездесу барысында қазақстандық дипломат Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауының, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларының негізгі қағидаларын таныстырды.
Бизнеспен келіссөздер барысында «EcoDynamics» бельгиялық компаниясы отбасылық бизнестің үшінші ұрпағы болып келетін «Blockeel» бельгиялық фермасымен бірге Қазақстанға ұзақ мерзімді негізде бельгиялық көк тұқымның эмбриондарын жеткізуге дайын. Бұл тұқым 1956 жылы Бельгияда өсірілді және әлемдегі ең жоғары сұрыпты ет өндірісінің чемпионы болып саналады. Көк тұқымның 13 ай жасындағы бір бұқасы 642 кг. салмаққа жетеді.
«EcoDynamics» Бас директоры Люк Ван Хифтенің айтуынша, бельгиялық ІҚМ тұқымының артықшылығы – жақсы ет өнімділігі, май мөлшері төмен (± 5%), полиқанықпаған май мөлшері жоғары, холестерин деңгейі төмен (±45 мг/100 г ет), азықты аз тұтыну, ет қосу динамикасы (тәулікке орта есеппен 1 кг.).
Бельгиялық бизнесмендер асыл тұқымды ірі қара малдың дайын ұрықтарын Қазақстанға экспорттаумен қатар, қазақстандық фермерлер мен ветеринарларды технологиялық оқытуды, фермаларды басқару мен олардың мониторингін қамтамасыз етуге дайын. 2022 жылғы мамырда бельгиялық фермерлер делегациясы қазақстандық фермерлік шаруашылықтармен ынтымақтастық орнату үшін Қазақстанға бизнес-миссия жасауды жоспарлап отыр.
Өз кезегінде М.Баймұхан Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ағымдағы жағдайын талқылай отырып, ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы, АӨК саласындағы субсидиялар мен салық жеңілдіктері туралы айтып берді.
Тараптар келесі уағдаластықтарға қол жеткізді: АӨК саласындағы жобаларды іске асыру туралы ақпаратпен алмасу, сондай-ақ Елшілік ү.ж. мамыр айында бельгиялық бизнесмендердің қазақстандық ветеринарлық қызметтермен және ҚР мал өсірушілерімен сапарын және кездесулерін ұйымдастыруға жәрдем көрсетеді.