Люксембургте Президент Жолдауының басымдықтары талқыланды

Люксембургте Президент Жолдауының басымдықтары талқыланды

2022 ж. 16 наурызда Елші Марғұлан Баймұхан Люксембург Премьер-Министрінің дипломатиялық кеңесшісі Патрик Хэммермен, Люксембург Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің саяси департаментінің директоры Вероника Докендорфпен, Люксембург Қаржы министрлігінің Көпжақты істер, даму және сәйкестік департаментінің директоры Арсен Якобимен, сондай-ақ Люксембург Экономика министрлігінің Сыртқы сауда мен инвестицияларды ілгерілету департаментінің кеңесшісі Татьяна Канечнимен кездесулер өткізді.

Кездесу барысында Елші сұхбаттастарына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, сондай-ақ Қазақстанның Люксембургпен ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары туралы айтып берді. Сонымен қатар, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Люксембургтік сұхбаттасушылар Мемлекет басшысы 16 наурызда бастамашы болған реформаларды оң қабылдады, ал Люксембург Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің Саяси департаментінің директоры В.Докендорф Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, ҚР-да азаматтық қоғамды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Люксембург Премьер-Министрінің кеңесшісі Патрик Хэммер ҚР-ның алға қойған басымдықтарын, сондай-ақ саяси диалогтың жоғары деңгейін айта келе, Қазақстан мен Люксембург арасындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті және Люксембург Үкіметі қолдау көрсететін ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде, Люксембург Қаржы министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры А.Якоби ҚР Люксембургтің Орталық Азия өңіріндегі маңызды және тұрақты әріптесі болып табылатынын атап өтіп, екіжақты қарқынды байланыстарды қолдауды ұсынды. 

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Люксембургтің Сыртқы және еуропалық істер министрлігінің шақыруы бойынша АСЕМ тұрақты институтының Asia-Europe қорының бастамасымен "Адам құқықтары және климаттың өзгеруі" конференциясына қатысты.