
«SOCIEUX+» еуропалық жобасының өңірлік өкілі Мажена Брезамен Қазақстанға жоспарланған іссапарды талқылау бойынша кездесу өтті. М.Бреза осы аптада ҚР Елшілігінің қолдауымен Қазақстанға жұмыс сапарымен барып, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында мемлекеттік органдармен және өңірлік құрылымдармен бірқатар кездесулер өткізбек. Сондай-ақ, М.Брезаның ҚР-да аккредиттелген бірқатар халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЕО) кездесулері жоспарланған.
«SOCIEUX+» Еуропалық одақ жанынан құрылған және одақ қаржыландыратын қоғам мен әлеуметтік серіктестер арасындағы техникалық ынтымақтастық бағдарламасы болып табылады.
«SOCIEUX+» қысқа мерзімді миссиялар мен іс-шаралар арқылы әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы озық тәжірибелерімен және білімдерімен бөліседі.
Кездесу кезінде сапар қорытындысы бойынша ҚР-дағы әлеуметтік жобалар саласындағы нақты қажеттіліктерді бірлесіп анықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.