Еуропалық инвестициялық банкінің делегациясы Қазақстанға сапармен баруды жоспарлауда

Еуропалық инвестициялық банкінің делегациясы Қазақстанға сапармен баруды жоспарлауда

2022 ж. 1 ақпанда Брюссельде Елші Марғұлан Баймұханның Еуропалық инвестициялық банкінің (ЕИБ) Шығыс серіктестігі және Орталық Азия басқармасының басшысы Рафал Рыбацкиймен және Орталық Азия бойынша бас кеңесші Адам Бруунмен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында ҚР мен ЕИБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары, атап айтқанда, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика, цифрландыру және қазақстандық шағын және орта бизнес кәсіпорындарын қолдау салалары талқыланды. Өз кезегінде ЕИБ өкілдері ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі бастамаларын жоғары бағалады.
ЕИБ өкілдері  "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ және "KMF (КМФ)" Микроқаржы ұйымы" ЖШС-ні қоса алғанда, ҚР мемлекеттік және жеке секторлармен  әріптестік байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың бірінші жартысында ЕИБ делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Анықтама: ЕИБ Еуропалық Одақтың Климаттық банкі болып табылады. 2021 жылы ЕИБ тобы мүшелерінің қаржыландыру көлемі 95 млрд. еуроны құрады. 1958 жылдан бастап ЕИБ ЕО-дан тыс елдерде 1,5 трлн. еуродан астам сомаға 14 400 жобаға инвестиция жасады.