
Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік азаматтар, соның ішінде Бельгия және Люксембург азаматтары үшін біржақты визасыз режимді қалпына келтірді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңіндегі өту тәртібіне сәйкес визасыз режимі бар елдерден келген (осы Тәртіптің №1 қосымшасына сәйкес, оның ішінде Бельгия және Люксембург, сілтеме), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тікелей (тұрақты, тұрақты емес чартерлік рейстер) әуе қатынасы қайта орнатылған мемлекеттердің азаматтарына - визалық талаптарды сақтай отырып, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше тәртіп қарастырылмаған болса - Қазақстан Республикасына халықаралық әуежайлар арқылы кіруге/транзитпен өтуге рұқсат берілді.