
Бүгін таңғы сағат 7:00-де Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Президент Әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің және күштік құрылымдар басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
Жиын барысында еліміздегі қазіргі ахуал, сондай-ақ лаңкестікке қарсы іс-қимылдардың барысы мен өңірлердегі жағдай қарастырылды.
– Антитеррор операциясы басталды. Күштік құрылымдар қауырт жұмыс атқарып жатыр. Негізінен бүкіл өңірде конституциялық тәртіп қалпына келтірілді. Жергілікті органдар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Алайда лаңкестер қару қолданып, азаматтардың жеке мүлкіне залал келтіруде. Сондықтан лаңкестікке қарсы іс-қимылдар содырларды толық жойғанша жалғаса береді, – Қасым-Жомарт Тоқаев.