Варшава қаласында Қазақстанның жетістіктері мен даму келешегі талқыланды

Варшава қаласында Қазақстанның жетістіктері мен даму келешегі талқыланды

Варшава, 2021 жылғы 21 желтоқсан – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: жетістіктері мен даму келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми семинар және аталған мерейтойлық күнге арналған фотокөрме өткізілді.

Семинар Қазақстанның Польшадағы Елшілігімен бірлесе отырып, «Польша-Шығыс» ынтымақтастық қауымдастығының ғылыми кеңесі, «Менің Қазақстаным» қауымдастығы, Варшава университетінің саясаттану және халықаралық зерттеулер факультетімен гибридті форматта ұйымдастырылды.

Семинарға Польша мен Қазақстанның академиялық топтары, ғылыми-зерттеу құрылымдары, Польша Сыртқы істер министрлігі мен мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар өз баяндамаларында республиканың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы табыстары мен жетістіктерін атап өтті, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тарихи рөлін ерекше атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен өткізіліп жатқан елдің саяси жаңғыртудың нәтижелері мен тәжірибесі Қазақстанның реформаларын жан-жақты ғылыми талдау мен зерттеу үшін ерекше қызығушылық тудыратынын атап өтілді.

Польшаның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі, «Менің Қазақстаным» қауымдастығының төрағасы Владислав Соколовский, сондай-ақ Варшава университеті, Ягеллон университеті, Вармия және Мазури университеті, Иоанн Павел II атындағы Католиктік университеті, Табиғи және гуманитарлық университеті, Я.Домбровский атындағы Әскери-техникалық академия, Якуб Парадижский атындағы академия, Шығыстану орталығының профессорлары мен зерттеушілері Қазақстанның әртүрлі салалардағы жетістіктерін өздерінің оң пікірлерімен бағалады.

«Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Мемлекет басшының саяси бағытының тұжырымдамалық-теориялық негіздері туралы өз көзғарасымен бөлісті. Қазақстандық спикерлер қатарынан Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ Варшава университетінде білім алып жатқан докторанттар сөз сөйледі.

Польша-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Петр Гузовский тәуелсіздік жылдары табысты өткізілген реформаларының арқасында Қазақстан Орталық Азияның саяси және экономикалық орталығы болып табылатынын мәлімдеді.

Семинар өткен күні ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 6 жыл толғанының символдық мәні бар. Осыған орай, шақырылған қонақ ретінде іс-шарада Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі, ҚР ЕО және НАТО жанындағы өкілдігінің басшысы Марғұлан Баймұхан қатысты, ол Қазақстан-Еуропа ынтымақтастығы, соның ішінде 2021 ж. қарашада Президент Қ.Тоқаевтың Бельгияға ресми сапарының қорытындылары туралы баяндаманы ұсынды.

Семинарды қорытындылай келе, «Польша-Шығыс» ынтымақтастық қауымдастығы ғылыми кеңесінің төрағасы Юзеф Тымановский Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл тақырыбында өткізіліп жатқан пікірталастың ғылым және саяси тәжірибе үшін де маңызы зор екенін ерекше атап өтті. Профессордың пікірі бойынша Қазақстанның экономикалық әлеуеті, сондай-ақ оның геосаяси маңызы әлемдік тәртіптің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Польшаның Орталық Азия өңіріндегі негізгі саяси серіктесі болып қала береді.

Семинар алаңында орналастырылған фотокөрмеде Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде саясат, халықаралық қатынастар, экономика және мәдениет салаларындағы жоғары жетістіктері мен тарихи сәттерін көрсететін фотосуреттер ұсынылды.