
Люксембург, 2021 жылғы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Люксембургте "Барымташылар. Уақыт жолдары" фильмі көрсетілді. Оны Ерлан Нұрмұхамбетов және жапон режиссері Лиза Такеба бірлесіп түсірген.
Іс-шара Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегі Елшілігінің, Люксембургтегі Құрметті консулдықтың және Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығының қолдауымен Брюссель, Люксембург, Париж және Страсбург қалаларындағы отандық кино апталығы аясында ұйымдастырылды.
Көрсетілім Еуропаның ең ірі "Кинеполис"кинотеатрлар желісінде өтті. Айта кету керек, қазақстандық кино мұнда бірінші рет емес – 21 ақпанда жергілікті көрермендерге режиссер Әділхан Ержановтың "Сары мысық" фильмі көрсетілді.
Бұл жолы көптеген қонақтардың арасында Қазақстанның ресми өкілдері, достары мен жерлестері, сондай-ақ Люксембург тұрғындары болды.
Іс-шара қонақтарын қарсы ала отырып, Елшіліктің Уақытша сенімді өкілі Жандос Бұхбантаев Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан экономика, мәдениет және сыртқы саясатта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгенін хабарлады. Ал ҚР мен Люксембург арасындағы сауда-экономикалық қатынастар жоғары динамикамен және ең озық салаларды қамтумен ерекшеленеді.
Ж.Бухбантаев фильм мәдениеттер мен жанрлардың алуан түрлілігін ұсынатын заманауи қазақстандық киноның үлгісі болып табылатынын атап өтті. 2019 жылы фильм Пусан халықаралық кинофестивалін ашты, ал 2021 жылы Францияның 21 қаласында көрсетілді".
Кино өнерін дамыту таланттарды қолдауды және шығармашылық еркіндікті талап ететіні және оған Қазақстанда үлкен көңіл бөлінетіндігі атап өтілді.