НАТО-да қазақ мәдениетінің көрмесі ұйымдастырылды

НАТО-да қазақ мәдениетінің көрмесі ұйымдастырылды

2021 жылғы 16-17 желтоқсан, Монс қаласы, Бельгия – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеуге орай Еуропадағы НАТО-ның Одақтас қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшылығында ҚР НАТО-дағы миссиясы қазақ мәдениетінің көрмесін өткізді.

Көрмеге жиырма төрт елдің әскери-дипломатиялық корпусының өкілдері, сондай-ақ НАТО штаб бастығының орынбасары – әріптестік департаментінің бастығы адмирал Бүлент Тұран бастаған Жоғарғы бас қолбасшылықтың басшылық құрамы мен әскери қызметшілері қатысты. Осылайша, Б.Тұран мырза өз сөзінде Қазақстан Орталық Азия аймағында НАТО-ның негізгі серіктесі ретіндегі маңыздылығына тоқталып, елімізге өркендеу, бейбітшілік және Солтүстік атлантикалық альянспен одан әрі сенімді ынтымақтастық пен қарым-қатынасты нығайтуды тіледі.

Шаараға қатысушылар тәуелсіз Қазақстанның 1991 жылдан бері құрылуымен таныса алды. Көрмеде Қазақстан туралы басылымдар мен альбомдар, Абай өлеңдерінің француз тіліне аудармасы, қазақтың ұлттық тұрмысы мен тағамдарына арналған кәдесыйлар мен бұйымдар, сондай-ақ қазақ мәдениетінің басқа да жәдігерлері ұсынылды.

Қазақстан Республикасының НАТО-мен ынтымақтастығы 1994 жылы қол қойылған Бейбітшілік үшін серіктестіктің Негіздемелік құжатына негізделген. Әріптестіктің Жеке іс-қимыл жоспары, Жоспарлау және шолу процесі және Операциялық мүмкіндіктер тұжырымдамасы сияқты бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады.