Бельгиялық «Ahlers» компаниясы ҚР нарығында өз үлесін ұлғайтпақ

Бельгиялық «Ahlers» компаниясы ҚР нарығында өз үлесін ұлғайтпақ

Антперпен қ., Бельгия, 2021 жылғы 8 желтоқсан – Елші М.Баймұхан бельгиялық «Ahlers» холдингінің басшылығымен кездесті, компания 1909 жылдан бастап мультимодальды логистикалық қызметтерді көрсететін отбасылық бизнес болып табылады.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы бизнесін дамытудың қазіргі ахуалы мен стратегиясы талқыланды. Бүгінде «Ahlers» Қазақстан нарығында 25 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан Алматы қаласында «Ahlers Kazakhstan» ЖШС филиалы және Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Петропавл қалаларында 5 өкілдігі бар.

Компания өкілдері ү.ж. 22-24 қарашасында бельгиялық кәсіпорындардың Қазақстанға іскерлік миссиясына қатысты.

Бельгиялық бизнесмендердің айтуынша, компания қазақстандық нарықтағы қызметін кеңейтуді көздеп отыр. Атап айтқанда, 2022-2023 жж. бельгиялық холдинг Қазақстандағы активтерін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Ынтымақтастық перспективаларын талқылай отырып, Қазақстан Елшісі ү.ж. 25-26 қарашасында Мемлекет басшысының Брюссельге сапарының экономикалық нәтижелеріне, бельгиялық компанияның Қазақстандағы экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық көлік дәліздерін пайдалану перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Келесі уағдаластықтарға қол жеткізілді: Елшілік Қазақстанда «Ahlers» үшін әлеуетті әріптестер табуда қолғабыс көрсетеді.

Тараптар жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.