
Қазақстанның COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық саммитке қатысу нәтижелерін талқылау мақсатында «EURACTIV»жетекші еуропалық ақпараттық агенттігінің платформасында «Қазақстанның жасыл даму– Еуроодақ қалай қолдау көрсете алады?» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Онлайн-іс-шараларға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зульфия Сүлейменова, Еуропалық Энергетикалық Хартия Хатшылығының Бас хатшысы Урбан Руснак, ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев, Еуропалық экономикалық және әлеуметтік комитеттің Президенті Дмитриус Дмитриадис және Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің өкілі Хелен Гоннорд қатысты.
Іс-шарада кіріспе сөз алған Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Қазақстанның жасыл және тұрақты экономикаға көшу бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. Мысалы, 2020 жылы желтоқсанда өткен Климаттық амбициялар жөніндегі саммитте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатын жариялады. 2021 ж. қараша айында СОР26 конференциясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация ҚР Үкіметі Қазақстан көміртегі бейтараптығына жер мен суды пайдаланудың орнықтылығын, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, электрлендіру және экологиялық таза, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін кең ауқымды пайдалану арқылы қол жеткізетінін хабарлады.
У.Руснактың пікірінше, кең ауқымды цифрландыру, қарқынды дамып жатқан экономика және т. б. Қазақстанның климаттық амбицияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені тұрақты дамуға көшу тиімді жүйелердің болуын талап етеді. Ал Д. Дмитриадис Қазақстанмен ынтымақтастық Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы өзінің «жасыл келісім» құндылықтарын ілгерілету мүдделеріне жауап береді деп санайды.
Депутат З. Сүлейменова ҚР жаңа экологиялық кодексі аясында ЕО-мен жүзеге асыруға болатын өзара іс-қимыл салаларын атап өтті. Атап айтқанда, парниктік газдар шығарындыларын сату (emissions trading system), ормандарды қорғау және қоғамды климаттық өзгерістерге бейімдеу саласында ортақ бағдарламаларды жүзеге асыруға болады.
ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаевтың айтуынша, теңізге тіке жолы жоқ, табиғи ресурстар қоры үлкен және тиісінше сауда жолдарын үнемі әртараптандыруға мүдделі ел ретінде Қазақстан ЕО-мен өзара іс-қимылды жандандыруды сыртқы сауда саясатының стратегиялық бағыты ретінде қарастырады. Сондықтан, ҚР Еуроодақтың көміртек шекара механизмінің екіжақты саудаға ықтимал әсерін қазірден бастап талқылауға әзір екендігін атап өтті.
Қатысушылар Қазақстанның 2060 ж. дейін климаттық бейтараптыққа қолжеткізу бойынша мақсаттары мен Еуроодақтың жасыл келісім аясындағы 2050 ж. қарай бейтараптыққа көшу стратегиясы аясында сауда, тұрақты бизнес салаларын қолдау және инновацияларды ендіру бағытында ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерінің көбейетініне келісті.
Анықтама: Қазақстан 2016 жылы Париж келісімін алғашқы елдердің бірі болып ратификациялады. Осы құжатты іске асыру үшін 2030 жылға қарай ҚР парниктік газдар шығарындыларын 15 пайызға қысқартуды көздейді. Бұған қоса, елде ұлттық деңгейде айқындалған үлес (Nationally Determined Contribution) көрсеткіштері жаңартылып, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды.