Қазақстан Брюссельде өткен дәстүрлі қайырымдылық іс-шараға қатысты

Қазақстан  Брюссельде өткен дәстүрлі қайырымдылық іс-шараға қатысты

БРЮССЕЛЬ, 12 қараша -- Брюссельде дәстүрлі қайырымдылық базары (NATO Charity Bazaar) ұйымдастырылып, оған 41 мемлекеттің өкілдері қатысты. Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі аталған іс-шараға 2013 жылдан бастап қатысады. Сатудан түскен барлық кіріс бүкіл әлем бойынша қайырымдылық ұйымдарының түрлі бағдарламаларын іске асыруға жұмсалатынын, оның ішінде өтінімдер Қазақстандағы қайырымдылық қорларынан түскенін атап өткен жөн.

Ұлттық стенд пен қазақтың ұлттық тағамдары келушілердің қызығушылығын тудырды.  Қазақстандық стендте ұлттық киімдер, кәдесый өнімдері, күміс әшекейлер, қазақстандық суретшілердің жұмыстары және басқа да ҚР бұйымдары қойылды. Сонымен қатар, қазақстандық өнімдер: шоколад, құрт, отандық сусындар және басқа да тағамдар ұсынылды.

 НАТО қайырымдылық базары (NATO Charity Bazaar - NCB) – 1967 жылы НАТО қызметкерлері жұбайларының бастамасымен құрылған коммерциялық емес қайырымдылық ұйым. Алғашқы ресми базар екі жылдан кейін 1969 жылы өткізіліп, онда көптеген елдерден әкелінген түрлі ерекше қолөнер бұйымдары ұсынылды. Қазіргі уақытта NCB 42 елден, оның ішінде НАТО-ға мүше мемлекеттерден және Қазақстан Республикасы қатысатын Бейбітшілік жолындағы серіктестікті қоса алғанда, НАТО-ның әртүрлі бағдарламаларынан тұрады.