
Тюрнхаут қаласы, Бельгия, 2021 жылғы 10 қараша – Елші М.Баймұхан 1966 жылдан бері құрылыс химиясы саласындағы бельгиялық отбасылық кәсіпорны болып табылатын «Soudal Group» компаниясының герметиктер, желімдер және шатыр жабындары шығаратын зауытына барды.
Компания Президенті Д.Куревицпен және Орталық, Шығыс Еуропа және Азия бойынша директор П.Джевовскимен кездесу барысында бельгиялық компанияның Қазақстандағы қызметінің қазіргі ахуалы мен кеңейтудің перспективалары талқыланды. Бүгінгі күні «Soudal Group»-тың Нұр-Сұлтан қаласында «Soudal Kazakhstan» ЖШС және тарату желісі бар. Осы жылы Алматы мен Нұр-Сұлтанда қоймалар ашылды.
Бельгиялық тараптың айтуынша, компания белсенді ынтымақтасуға ниетті және қазақстандық нарықтағы қызметінің кеңейтуін жоспарлауда. Атап айтқанда, 2022 жылы Қазақстанның батысында жаңа өкілдіктер ашылады деп күтілуде.
Ынтымақтастық перспективаларын талқылай отырып, Президент Д.Куревиц Елшінің шақыруын ризашылықпен қабылдап, компанияның ү.ж. қарашаның соңында Брюссельде өтетін «Қазақстан - Бельгия - Люксембург: сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективалары» атты дөңгелек үстелге қатысуын растады.
Полиуретанды аэрозольді көбік, тығыздағыштар, желімдер мен төбеге арналған тығыздағыштардың жетекші өндірушісі «Soudal Group» 140 елде жұмыс істейді, сондай-ақ компаяның 5 құрлықта 19 зауыт, 45 елде сату кеңселері және бүкіл әлем бойынша 3000-нан астам қызметкері бар. Компания нарықтың 3 бағытында қызмет етуде: құрылыс, өнеркәсіп және бөлшек сауда.
Компанияның 2020 жылғы айналымы 911 млн. еуроны құрады. Осы жылдың болжамы бойынша, компанияның айналымы 1 млрд. еуроны құрайды.