
Серен қ., Бельгия, 2021 жылғы 28 қазан – Қазақстан Елшісі М.Баймұхан 200 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан Бельгияның ірі көпсалалы «John Cockerill» компаниясының басқармасымен кездесті.
«John Cockerill» бас директоры Жан-Люк Моранжпен және компания салалық бөлімшелерінің басшыларымен кездесу барысында бельгиялық тарап Қазақстанмен темір жол көлігі, жасыл энергетика, жаңартылатын энергия көздері, әскери-өнеркәсіптік кешен салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірілді. Ж.-Л.Моранжтың айтуынша, СО2 шығарындыларын азайту мақсатында компания сутегі өндірісінің заманауи шешімдерін ұсынуға дайын.
Бұдан басқа, компания отын ретінде дизельді және жасыл сутекті пайдаланатын локомотивтерді жобалайды және шығарады. 1835 жылы компания «Le Belge» бірінші бельгиялық паровозын шығарды.
2014 жылы теміржол көлігінің құрамдас бөліктері саласында «СИМ Формат» Қазақстан-Бельгия бірлескен кәсіпорны құрылды.
Ынтымақтастық перспективаларын талқылай отырып, Қазақстан елшісі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, төмен көміртекті экономиканы дамыту стратегиясын, жаңартылатын энергия нарығын дамыту, сондай-ақ QazVac вакцинасын өндіру туралы ақпаратты жан-жақты таныстырды.
Келесі уағдаластықтарға қол жеткізілді: елшілік ү.ж. 22-24 қарашада Бельгияның AWEX және FIT инвестициялық агенттіктері ұйымдастыратын Қазақстанға іскерлік миссиясы аясында «John Cockerill» өкілдері үшін Нұр-Сұлтанда екіжақты кездесулерді ұйымдастыруда қолғабыс көрсетеді. Сондай-ақ, Елшілік қазақстандық нарықта «John Cockerill» бірқатар инвестициялық жобаларын дамытуға жәрдемдесетін болады.
Тараптар жұмыс байланыстарды жалғастыруға келісті.
1817 жылы Джон Кокерилл негізін қалаған «John Cockerill» компаниясы энергетика, қорғаныс, болат, қоршаған орта және өнеркәсіп салаларына арналған жабдықты жобалайды, орнатады, жаңартады және қызмет көрсетеді.
Компания 19 елде жұмыс істейді және 5000-нан астам қызметкері бар. 2020 жылы компанияның айналымы 1 млрд. еуродан астам құрады.
Компания келесі салаларды қызмет етеді: энергетика, қорғаныс, өнеркәсіп, қоршаған орта, қызмет көрсету.