Елші Марғұлан Баймұхан бельгиялық «Vandeputte Huilerie» зауытына барды

Елші Марғұлан Баймұхан бельгиялық «Vandeputte Huilerie» зауытына барды

Елші М.Баймұхан Бельгиядағы зығыр тұқымын өңдейтін және зығыр майы мен басқа да өңделген өнімдер шығаратын «Vandeputte Huilerie» зауытына барды.

Кездесу барысында агроөнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың нақты мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні бельгиялық компания бірқатар қазақстандық компаниялармен ынтымақтасуда және жыл сайын шамамен 30-40 мың тонна қазақстандық зығыр тұқымын импорттауда.

«Vandeputte» иесі А.Вандепутттің айтуынша, қазақ зығыры жоғары сапалы және пайдалы ингредиенттердің байлығымен ерекшеленеді.

Ынтымақтастық перспективаларын талқылай отырып, Елші М.Баймухан бельгиялық кәсіпкерге Қазақстандағы зығыр тұқымы нарығындағы ахуалы, инвестициялық преференциялар және шетелдік инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақтардың мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Қазақстандағы нақты жобаларды қарастыру және «Vandeputte» өкілдерінің Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бельгияның «Vandeputte Group» компаниясы зығыр майын өндіреді, 1887 жылы құрылған отбасылық бизнес болпы табылады.

Кәсіпорын зығыр тұқымынан май сығу үшін механикалық әдісті қолданады және жылына 100 000 тоннадан астам зығыр тұқымын өңдейді.

 «Vandeputte Group» 2 бағытта жұмыс істейді:

- «Vandeputte Huilerie». Кәсіпорын зығыр майы негізінде өнімдерді, сондай-ақ мал азығын (ірі қара мал, шошқа және құс) шығарады.

- «Vandeputte Savonnerie». Кәсіпорын техникалық майлар шығарады: сабын, жуғыш заттар, сия, линолеум, бояулар, ағаш өңдеу бұйымдары.