ҚР Әділет министрі М. Бекетаевтың Брюссельге сапары туралы

ҚР Әділет министрі М. Бекетаевтың Брюссельге сапары туралы

БРЮССЕЛЬ, 2021 жылғы 29-30 қыркүйек – Бельгияға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР-дағы құқықтық реформалар және өзара құқықтық қолдау мәселелері бойынша Еуропалық Одақ пен Бельгияның ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізді.

29 қыркүйекте М. Бекетаев Еуропалық Одақтың Адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі Имон Гилмормен және Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

Әңгімелесу барысында тараптар сот төрелігі жөніндегі Кіші комитет пен «Қазақстан – Еуропалық Одақ» Адам құқықтары жөніндегі диалог желісі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. И.Гилмор адам құқығы өлшеміндегі екіжақты байланыстардың өсу динамикасына, атап айтқанда 2021 жылғы 6 қазанда Алматыда өтетін «Орталық Азия - Еуропалық Одақ» Азаматтық форумының дайындығына жоғары баға берді. И.Гилмордың осы форумға қатысуды жоспарлап отырғанын атап өткен жөн.

Өз кезегінде М.Бекетаев Әділет министрлігінің Мемлекет басшысының бастамасымен жүріп жатқан саяси реформалар мен адам құқықтарын қорғау бойынша өзгертулерді құқықтық жүзеге асыру жұмысы туралы айтып берді.

Сол күні Министрдің Еуропалық Парламент депутаттары – адам құқықтары жөніндегі Кіші комитет төрағасының бірінші орынбасары Бернар Геттамен, Сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасары Урмас Паетпен, Орталық Азиямен өзара іс-қимыл жөніндегі делегация төрағасының орынбасары Андрис Америкспен, Ішкі нарықтар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Роза Тунмен, петициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Татьяна Жданокамен, «Қазақстан-ЕО» парламенттік делегациясының мүшесі Тьерри Марианимен және т. б. кездесулері өтті. 

Кездесулер барысында М.Бекетаев саяси жүйені жаңғыртуға және демократиялық институттарды нығайтуға бағытталған ҚР-дағы ағымдағы реформалар бойынша пікір алмасты. Өз кезегінде, Еуропалық Парламент депутаттары ҚР-да жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси өзгерістерге қолдау білдіріп, Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету және БҰҰ институттарын қолдау бойынша күш-жігерін жоғары бағалады.

Бейсенбі күні Министр халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас хатшысы Шаран Барроумен кездесті. Тараптар Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынымдарын іске асыру барысын және кәсіподақтар қызметі саласындағы ҚР-дағы тиісті заңнамалық реформаларды талқылады. М.Бекетаев Қазақстан Үкіметі еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерін сақтау және әлеуметтік әріптестік институтын дамыту мақсатында ұлттық заңнамаға халықаралық еңбек нормаларын енгізу бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.  Өз кезегінде, Ш.Барроу ХЕҰ ұсынымдарын орындау шеңберінде жасалған күш-жігерді және тұтастай алғанда Қазақстанның осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша атқарған жұмысын оң бағалады. Сонымен қатар, сұхбаттасушы қазақстандық кәсіподақтар қызметі мәселелерінде неғұрлым белсенді өзара іс-қимылдың қажеттігіне назар аударды және ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшылығының Брюссельге алдағы сапарының маңыздылығын атап өтті.

Екіжақты тректе бельгиялық ресми тұлғалармен кездесулер өтті. Бельгияның федералдық прокуроры Фредерик Ван Лиумен кездесу барысында тараптар халықаралық құқықтық ынтымақтастық, Қазақстан мен Бельгия арасындағы өзара құқықтық көмек көрсету мәселелерін талқылады.

Бельгия Парламентінің сот төрелігі жөніндегі комитетінің төрағасы Кристиен Ван Варенбергпен тараптар ұлттық мүдделерді қорғау мақсатында халықаралық аренада өзара қолдау мәселелерін, сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықты талқылады. Өз кезегінде, Әділет министрі Президент Қ.Тоқаевтың саяси реформаларына, атап айтқанда, сайлау заңнамасы мәселелеріне, партиялық тізімдегі әйелдер мен жастарға арналған квоталарға және т. б. тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша М.Бекетаев қазақстандық және еуропалық БАҚ-қа комментариилер және сұхбат берді.

Жалпы, Әділет министрінің сапары еуропалық әріптестермен халықаралық құқықтық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша күн тәртібін өзектендіруге және Еуропалық Одақпен және Бельгиямен саяси байланыстарға серпін беруге септігін тигізді.