
«Picanol Group» және «Tessenderlo Group» Бас атқарушы директоры Люк Тактың айтуынша, Қазақстанда тоқыма өнеркәсібін дамытуға үлкен мүмкіндіктер бар: ел тоқыма бұйымдарын өзі шығаруы мүмкін (мысалы, джинсалық мата).
Бүгінгі күні «Picanol Group» әр түрлі тоқыма машиналарын шығаруда әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания жылына 10 000-нан астам машинаны сатады, ал әлем бойынша 35 000-ге жуық машинаға сұранысы бар.
Ынтымақтастық перспективаларын талқылай отырып, Елші М.Баймұхан Қазақстандағы тоқыма нарығындағы ахуал, инвестициялық преференциялар және шетелдік инвесторлар үшін арнайы экономикалық аймақтар мүмкіндіктері туралы айтты.
Сондай-ақ кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін талқылады.