Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин бельгиялық әріптестерімен кездесті

Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин бельгиялық әріптестерімен кездесті

Брюссель, 2021 жылғы 26 қыркүйек – Бельгияның мүгедек балалармен жұмыс, балалар мен олардың отбасын қолдаудың әлеуметтік бағдарламалары, сондай-ақ интеграцияланған және инклюзивті білім беруді ұйымдастыру саласындағы үздік тәжірибесін зерделеу мақсатында Қазақстан Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин Бельгияның балалар құқықтары саласындағы өкілдерімен кездесті. А.Саинның сапары Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің көмегімен ұйымдастырылды.

Бельгия Бала құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Карин Ван Лаетхеммен кездесу барысында, Бельгияның федералдық және балалар құқықтары мәселелерімен айналысатын қауымдастықтар мен аймақтар деңгейінде биліктің күш-жігерін үйлестіру мәселелері талқыланды. Елдің аумақтық-әкімшілік құрылымына байланысты Корольдіктің тәуелсіз адам құқықтары жөніндегі институттары аймақтық деңгейде жұмыс істейді.

Осыған байланысты, Қазақстан омбудсмені Валлонияның Өмірді жақсарту бойынша агенттігіне (AVIQ), сондай-ақ Балалар мен отбасын дамыту институтына (IDEF) барды, онда Бельгияның мүгедек балаларды психологиялық, медициналық және әлеуметтік қолдаудың жүйесі егжей-тегжейлі ұсынылды.

Өз кезегінде, А.Саин Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті, бұндай жұмыстардың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте диагностикалауға және ерте көмекке кепілдік беретін жүйе құру. Балалар омбудсманының айтуынша, функционалдық бұзылулары бар балаларды қажетті қызметтер мен оңалтудың техникалық құралдарымен емдеуге дара тіл табуды қамтамасыз ету маңызды. Ол бельгиялық әріптестерге балаларды мемлекеттік бюджет есебінен спортпен және шығармашылық үйірмелермен қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық реформалар туралы айтып берді.

Брюссельдегі Тірек-қимыл аппараты кемістігі бар адамдардың корольдік институтына (IRAHM) бару кезінде физикалық жағдайы мен психологиялық бейнесінің ерекшеліктерін ескере отырып, баланы оңалту бағдарламаларының тәжірибесі қаралды.

Сонымен қатар, Қазақстан омбудсманы «Валлония-Брюссель федерациясы» француз қауымдастығының Бала құқықтары жөніндегі бас комиссары Бернар Де Воспен кездесті, ол дамуында кемістігі бар балаларға инклюзивтік білім беру саласындағы интеграциялық саясат және мигрант балалардың интеграциясы туралы айтты. Тараптар барлық елдерде осы мәселелер бойынша пікірталастар бар екеніне және дұрыс жолды іздеу жалғасатынына келісті. Алдын алу мен ерте араласу жүйесін талқылай отырып, екі ел өкілдері жаңа туған нәрестелерді скринингтен өткізу мен кішкентай балалардың дамуын бақылаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, сапар кезінде Балалар омбудсмені А.Саин «Socieux +» халықаралық компаниясының Әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңесшісі Маржена Брезамен жеке кездесу өткізді, онымен патронаттық (кәсіби) отбасы институтын енгізу бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері болды. талқыланды.

Кездесулер нәтижесінде тараптар балалардың құқығын қорғау мәселелерінде тиісті ақпаратпен алмасу және байланыстарды сақтау туралы келісімге қол жеткізді.