
2021 ж. 22 қыркүйек, Брюссель. Socieux + халықаралық ұйымының әлеуметтік қорғау жөніндегі жетекші кеңесшісі М.Брезамен мазмұнды кездесу өтті. Халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және еңбек жүйесін жақсарту мақсатында мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарға техникалық қолдау көрсететін ұйым өкілі Қазақстанда ЕО-ның бірқатар мақсатты жобаларын іске асыруға дайындығын растады.
Қазақстан Елшісі еуропалық институтқа ризашылығын білдірді және осы жобаларды жүзеге асыруда қазақстандық серіктестерді анықтауда Socieux+-ке көмек пен қолдау көрсетуге дайын екенін баса айтты.
Жұмыспен қамту саласындағы инновацияларды енгізу үшін еуропалық сарапшылар қауымдастығын тарту - ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы еңбек нарығында тиімді экожүйені қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға бағытталған құралдарының бірі.