Қазақстандық Омбудсмен Аружан Саин Люксембургтің балалар мен жастардың құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибесін зерттеді

Қазақстандық Омбудсмен Аружан Саин Люксембургтің балалар мен жастардың құқықтарын қорғау саласындағы тәжірибесін зерттеді

22 қыркүйек, Люксембург. Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин бастаған қазақстандық делегация Люксембург Ұлы Герцогтігіне танысу сапарымен барды. Сапар Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Сапардың басты мақсаты - бала мен жастардың құқықтарын қорғау саласындағы люксембургтік тәжірибені, Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институтын зерттеу, сондай-ақ Герцогтіктегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру, медициналық, педагогикалық және әлеуметтік қолдау жүйесімен танысу.

Бағдарлама бойынша делегация Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Шарель Шмитпен, Білім Министрлігінің басшылығымен кездесіп, сондай-ақ зияткерлік даму орталығында және Люксембург балалар мен жастарға көмек көрсету мемлекеттік институтында болды.

Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау, балаларды әлеуметтік қорғау, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері мен проблемалары бойынша пікір алмасты. Люксембург делегациясы балаларға көмек көрсету (балаларға көмек көрсету шаралары, балалар істері жөніндегі ұлттық басқарма, Балалардың құқықтарын қорғау қызметі), Бала құқықтары, мектеп делдалдығы қызметі және Люксембургтегі инклюзия жүйесі сияқты маңызды тақырыптарда толық презентациялар өткізді.

Аружан Саин Еуропадағы ең үздіктердің бірі деп атауға болатын Люксембургтегі әріптестері қызметінің жоғары деңгейін және Люксембургтегі балалар мен жастарды әлеуметтік қамсыздандырудың жолға қойылған жүйесін атап өтті. «Қазақстан бүгінде денсаулық, әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау мәселелеріне көп көңіл бөледі. Герцогтіктің тәжірибесі Балалардың құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі дамыту тұрғысынан пайдалы және маңызды болып табылады», - деп атап өтті Аружан Саин.

«Бүгін біздің Аружан Саинмен жұмыс кездесуіміз барысында ең алдымен тығыз өзара іс - қимыл үшін үлкен мүмкіндік болатын бірқатар мәселелер талқыланды, - деді Ш.Шмит. Бұл отбасы институтын, қиын өмір жағдайындағы отбасыларды қолдаудың мемлекеттік кепілдіктеріне қатысты мәселелер, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ерекше қажеттіліктері бар балаларды мемлекеттік және қоғамдық қолдау мәселелері.».

Іс-шара қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау мәселелерінде қажетті ақпаратпен және кеңестермен алмасуға қол жеткізілді.