
БРЮССЕЛЬ, 2021 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия Парламентінің спикері Элиан Тильёмен кездесті. Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.
Елші М.Баймұхан «тыңдаушы мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы айтты. Сондай -ақ, Қазақстанда егу және қазақстандық «QazVac» вакцинасын шығару мәселелері талқыланды.
Бельгия парламентіндегі француз тілді ірі социалистік партияның (PS) мүшесі Э.Тильё Қазақстандағы қоғамдық-саяси жаңашылдықтарға мен егу деңгейіне оң баға берді.
Екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылай отырып, бельгиялық спикер екі ел арасындағы парламентаралық диалогтың өсу динамикасын атап өтті. Оның айтуынша, 2021 жылдың мамырында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен онлайн келіссөздер, сондай-ақ Бельгия парламенті екі төрайымының Мәжіліс Төрағасымен 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Венада (5-ші Дүниежүзілік парламент спикерлері конференциясының шеңберінде) үшжақты кездесуі парламентаралық диалогтың дамуына қосымша серпін берді.
Сонымен қатар, тараптар парламенттік достық топтары арасындағы ынтымақтастықты дамыту деңгейін қошеметтеді. Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспанның «Бельгия-Орталық Азия» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық тобының жетекшісі Тим Ванденпутпен соңғы кездесуі 2021 жылдың маусымында өтті.
Экономикалық дипломатия тұрғысында тараптар 2021 жылы қарашада AWEX және FIT инвестициялық агенттіктерінің қолдауымен жоспарланған Бельгия кәсіпорындарының Қазақстанға сапарын қошеметтеді. Бүгінгі күні Бельгия Қазақстан экономикасына ірі инвесторлардың бірі болып табылады, осылайша Бельгия компанияларының үлесіне 9 млрд АҚШ долл. астам тікелей инвестиция кіреді.
Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы, гендерлік теңдік, экология, жоғары білім мәселелері, аймақтық қауіпсіздік және Ауғанстандағы жағдай кездесудің бөлек тақырыптары болды. Бельгиялық саясаткер әйелдердің саяси өмірдегі маңызды рөлін атап өтіп, Қазақстан Парламенті мен саяси партиялардағы әйелдер санының өсуін қошеметтеді. Сонымен қатар, Арал теңізінің айналасындағы жағдай, Глазгодағы Климаттық конференциясы (COP-26) аясындағы Қазақстанның климаттың өзгеруі бойынша күш-жігерлері Э.Тильёға белгілі қызығушылық тудырды. Сұрақтарға жауап бере отырып, қазақстандық дипломат Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық бастамалары мен жабылғанына 30 жыл толатын Семей ядролық сынақ полигоны туралы айтты.
Кездесу соңында Елші М.Баймұхан Қазақстан тарапының Бельгия спикері Э.Тильё мен Бельгия депутаттарын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын растады.