Қазақстан мен Бельгияның Фландрия аймағы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды

Қазақстан мен Бельгияның Фландрия аймағы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
Елші Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Антверпен провинциясындағы Құрметті консулы Дж.Ступпен және @VOKA_Limburg Сауда Палатасының директоры Й.Летенмен Қазақстан мен Бельгияның Фландрия аймағы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Қазақстандық дипломат Қазақстанда Президент Қ-Ж.Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген экономикалық және саяси реформалар, #QazVac қазақстандық вакцинасы, сондай-ақ фламанд компаниялардың Қазақстан нарығындағы экспорттық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты.
Тараптар Бельгия компанияларының 2021 жылғы қарашадағы Қазақстанға іскерлік миссиясын дайындау мәселесін де талқылады.