Бельгияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар шығарылды

Бельгияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерейтойлық маркалар шығарылды

Брюссель, 2021 жылғы 14 қыркүйек – Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Елшілігі, Қазақстанның Люксембургтегі Құрметті Консулдығы және «Eurasian Resources Group» компаниясы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркаларын шығару бастамасын көтерді.

Бельгияның пошта маркасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының логотипі бейнеленген. Пошта маркалары Елшіліктің күнделікті хат-хабарларында және кәдесый ретінде пайдаланылады.

Бельгияда заманауи цифрлық технологиялар мен электрондық сервистердің жоғары дамуына қарамастан, пошта корреспонденциясы ел өмірінде маңызды мәнге ие. Бельгия елі алғашқы ұлттық пошта маркаларын 1849 жылы 1 шілдеде айналымға шығарды. Сонымен қатар әлемдегі алғашқы жеке пошта маркаларының көрмесі 1852 жылы Брюссельде өтті.

Аталған марка Bpost (Belgian Post Group) ұлттық пошта компаниясының қолдауымен шығарылды. Алғашқы мерейтойлық даналар Еуропалық Парламенттің, Еуропалық Комиссияның, сондай-ақ Бельгия Корольдігінің мемлекеттік құрылымдары мен ұйымдарының өкілдеріне берілді.