Бельгияның оңтүстік провинцияларында Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Бельгияның оңтүстік провинцияларында  Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

БРЮССЕЛЬ, 2021 жылғы 13 қыркүйек – Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінде Қазақстанның консулдық округы Эно, Льеж, Люксембург және Намюр провинцияларындағы Құрметті консулы патентін беру рәсімі өтті.

Қазақстанның жаңа Құрметті консулы Оливье Вилокс 35000-нан астам кәсіпорынды қамтитын «BECI» Сауда-өнеркәсіптік палатасының төрағасы болып табылады. Сонымен қатар, О.Вилокс Брюссель бизнес федерациясы мен Валлондық кәсіпорындар одағының Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Қазақстан Елшісі Марғұлан Баймұхан бұл Бельгияның әр түрлі аймақтарында ашылған төртінші құрметті консулдық екенін атап өтті. Олардың мақсаты – елдер арасындағы сауда -экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту.

О.Вилокс өзіне көрсетілген сенім үшін алғысын білдіріп, оның Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығын жан-жақты дамытатынына, сондай-ақ өзінің консулдық округінде Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғайтынына сендірді. Ол алдағы кезеңге арналған Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын жақсарту жөніндегі өз көзқарасын ұсынды.

Қазақстанның жаңа Құрметті консулына Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар туралы ақпараттық материалдар берілді. Бұдан бөлек М.Баймұхан О.Вилокске Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының негізгі ережелерін ұсынды.