Бельгияның Ипр қаласында Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай іс-шара өтті

Бельгияның Ипр қаласында Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай іс-шара өтті

Ипр, 2021 жылғы 27 тамыз–Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні мен Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толу қарсаңында, Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан, «Бельгия-Қазақстан» парламентаралық тобының төрағасы Тим Ванденпут, Ипр қаласы бургомастерінің орынбасары Филип Боль және басқа ғылыми және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Ипр қаласында ядролық сынақтардың құрбандарын еске алды.

2010 жылы Қазақстан атынан Ипр қаласына тапсырылған ядролық сынақтар құрбандарына арналған қазақстандық ескерткішке гүлшоқтарын қою рәсіміне Ипр қаласының кеңесімен «Бейбітшілік қорының» мүшелері, Бельгия Федералдық Парламентінің депутаттары, Бельгия Бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін зерттеу өкілдері, Қазақстанның Валлон Брабанттағы құрметті Консулы, сондай-ақ қазақстандық және бельгиялық БАҚ-тарықатысты.

Қазақстан Елшісі 29 тамыз тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастық пен жаһандық антиядролық қозғалыс үшін тарихи күн екенін атап өтті. 30 жыл бұрын Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан әлемдегі 4-ші ядролық әлеуеттен ө зеркімен бас тартты.

Бүгінгі күні ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу Қазақстанның басты басымдықтарының бірі болып қала береді, деді М.Баймұхан. Осыған байланысты Н.Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік пен Ядролық қарудан азат әлем көшбасшыларының жаһандық альянсын құру бастамасы одан да өзекті бола бастайды.

Сондай-ақ, Семей полигонының жабылуы бүкіл әлем бойынша ядролық сынақтарға мораторий орнату және 2006 жылы Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі халықаралық күш-жігерге маңызды серпін бергені айтылды.

2021 жылғы 6 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттерінің басқа да басшыларымен бірге осы бірегей Шартты жүзеге асыруда белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін растады,биыл бұл Шартқа қол қойылғанына 15 жыл толды.

Қазақстандық дипломат сынақ көлемдері туралы айта отырып, Семей ядролық полигонындағы атмосфералық және жерасты сынақтарына қатысты цифрларды келтірді, нәтижесінде 1,5 миллионнан астам адам Қазақстанда радиоактивті апаттарға ұшырады, Шығыс пен Орталық Қазақстанның кең аумақтары ластанды.

Өз кезегінде Ипр қаласы Бургомастерінің орынбасары Ф.Боль Қазақстанның ядролық қарусыздануға және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпауға қосқан елеулі үлесін атапөтті, бұл жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде адамзат тарихында жаппай қырып-жою қаруын бірінші реет қолданудан зардап шеккен бельгиялық Ипр қаласының Семей тарихымен көп ұқсастығы бар. Сондықтан, Ипр қаласында қазақстандық ескерткіштің орнатылуы өте символдық әрекет болып табылады, дейді бельгиялық бургомистрдің орынбасары. Сонымен қатар, Семей мен Ипр қалалары «Мэрлер бейбітшілік үшін» халықаралық ұйымының құрамына кіреді.

Бельгия Федералдық Парламенті Өкілдер палатасыныңмүшесі, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кіші комитеттің мүшесі және «Бельгия-Қазақстан» парламентаралық тобының төрағасы Тим Ванденпуттың пікірінше, Қазақстан басшылығының Семей ядролық полигонын жабу турал ышешімі маңызды оқиға болды және жаһандық антиядролық қозғалыстың таралуына бастама болды. Сондай-ақ, Семей полигоны жабылуының мерейтойы маңызды күннің белгісі болып табылады, атап айтқанда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде.

Сонымен қатар,іс-шара барысында рәсімге қатысқан қонақтарға «The Atom Project» деректі фильмі көрсетілді, сондай-ақ Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандарына арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

 

***

2009 жылы БҰҰ Бас АссамблеясыҚазақстанныңбірауызданқаулысынқабылдап, 29 тамызды – Семей ядролықполигонын жабу туралыжарлыққа қол қою күнін – «Халықаралықядролықсынақтарғақарсыкүрескүні» депжариялады.

ҚазақстанЯдролыққарудытаратпаутуралыкелісімнің, Ядролықсынақтарғажаппайтыйым салу туралыкелісімнің, Ядролыққаруғатыйым салу туралышарттыңжәнеЯдролыққауіпсіздіктуралыконвенцияныңқатысушысыболыптабылады.