Абайдың кітаптары Бельгия Корольдік Кітапханасының қорына табысталды

Абайдың кітаптары Бельгия Корольдік Кітапханасының қорына табысталды

Брюссель, 2021 жылғы 10 тамыз – Абай күніне орай Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігі Бельгиядағы ең ірі Корольдік кітапхананың қорына қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы, ойшылы Абай Құнанбаевтың француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағын тапсырды.

Бельгия тарапына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың өмірі мен оның құндылықтары туралы ақпарат берілді. Абайдың құндылықтары бельгиялық әйгілі ақын Гидо Гезелльдің құндылықтарына ұқсас. Сонымен қатар, француз тіліндегі «Қара сөздер» жинағы Брюссельдегі муниципалдық кітапханалар мен мектептерге сыйға берілді.

Бельгия Корольдік кітапханасы 1837 жылы құрылған және елдегі ең үлкен кітапхана болып табылады. Кітапхананың 17-қабаттық қорында 6 млн. астам кітап бар.

***

Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастық үш онжылдық ішінде көптеген салаларда, соның ішінде мәдениет және әдебиет саласында қарқынды дамып келе жатыр. 2021 жылдың маусымында домбыра, қобыз және сыбызғы қазақ музыкалық аспаптары Брюссельдегі музыкалық аспаптар мұражайына сыйға тапсырылды.

2021 жылы 25 тамызда елдер дипломатиялық қатынастардың орнағанының 29 жылдығын атап өтеді.