Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Люксембургте жас қазақстандықтардың сурет көрмесі өтті

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Люксембургте жас қазақстандықтардың сурет көрмесі өтті

Люксембург, 2021 жылғы 23 шілде – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Люксембургте қазақстандық диаспораның кездесуі және «Әлем қазақстандық балалардың көзімен» атты мүмкіндігі шектеулі қазақстандық бүлдіршіндердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға Герцогтіктің Сыртқы істер министрлігінің, ведомстволардың, іскер және мәдени топтардың, Люксембургтің қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар қатысты.

Іс-шараны Қазақстанның Елшілігі, Люксембургте тұратын «Қазақстан-Люксембург» қауымдастығы және «Аялаған алақан» қазақстандық қоғамдық қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Диаспораның Отанмен байланысын сақтау мен дамытудың маңызды екендігін ескеретін болсақ, люксембургтік қазақстандықтардың кездесулері дәстүрге айналуда. Кездесу барысында іс-шара қонақтарының алдында сөз сөйлеген «Қазақстан-Люксембург» қауымдастығының Президенті Нұргүл Тұрсын шетелдіктерді Қазақстанмен таныстыру бағытындағы жұмыс туралы және ағымдағы жылға жоспарланған мәдени-гуманитарлық жобалар туралы айтып берді.

Елшіліктің Кеңесші-уәкілі Мирас Андабаев өз сөзінде «Аялаған алақан» қоры «ерекше талантты қазақстандық бүлдіршіндердің шығармашылығын тиімді көрсететін, аса жылы әсер қалдыратын жұмыстарды таныстыру» бойынша өте маңызды жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Жас қазақстандықтардың сурет көрмесі іс-шараға жиналған қонақтарға үлкен әсер қалдырды. Келушілер балалардың шығармалары олардың ішкі әлемінің жай-күйін және жаңа дүниені тануға деген ұмтылысын бейнелейтінін атап өтті. Қонақтардың бірі «Бұл суреттерге қарап, бүлдіршіндер өз елін, қаласын, жануарлар әлемін жақсы көреді, айналасындағы әлемді, тіпті ғарышты білуге тырысады» деп сипаттады.  

Рада Хайрушева жетекшілік ететін «Аялаған алақан» қоры Қазақстанның Үндістандағы, БАӘ-дегі, Армениядағы, Латвиядағы, Франциядағы елшіліктерімен ынтымақтастықта осы іспеттес көрмелер ұйымдастырды. Қазіргі уақытта қоғамдастық көрермендерді мүмкіндігі шектеулі және ерекше білім беру қажеттіліктері бар жас қазақстандықтардың шығармашылығымен таныстыру үшін жаңа іс-шаралар жоспарлауда.