БРЮССЕЛЬ, 2021 жылғы 15 шілде - Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан ЕП Спикері Кабинетінің Басшысы Лоренц Маннеллимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамытуды, парламенттік дипломатия шеңберінде өтетін іс-шараларды, COVID-19 пандемиясымен күресу шараларын, оның ішінде қазақстандық «QazVac» вакцинасын шығаруды талқылады.
Сұхбаттасушылар екіжақты сапарлардың, соның ішінде ү.ж. мамырындағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы Өкілі Е.Қазыханның, сондай-ақ ү.ж. шілдедегі Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі омбудсмені Е.Әзімованың сапарларының қарқындылығын атап өтті.
Елші Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ұсынды. Өз кезегінде, Л.Маннелли Қазақстандағы демократиялық институттарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Екі жақты қатынастар аясында, М.Баймұхан ЕО Қазақстанның маңызды стратегиялық, сонымен бірге ең ірі сауда серіктесі екенін атап өтті.
Тараптар екіжақты қатынастардың деңгейін жоғары бағалап, Қазақстан мен ЕО парламентаралық қатынастардың одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.