Қазақстан мен Еуроодақтың ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы Брюссельде талқыланды

Қазақстан мен Еуроодақтың ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы Брюссельде талқыланды

Брюссель, 2021 ж. 8 шілде – Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақтағы Өкілі М. Баймұхан ауыл шаруашылығы жөніндегі Еуропалық Комиссар Я. Войцеховскиймен кездесті.  

Кездесу барысында тараптар соңғы жылы 23,7 млрд.АҚШ долларын құраған Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы екіжақты тауар айналымының үдемелі өсуін, институттармен және ЕО-ға мүше елдермен өзара іс-қимылдың 29 перспективалы саласын қамтитын  Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің іске асырылуының маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттарын талқылады.

Қазақстан Елшісі Еуропалық Комиссарды ұлттық экономиканың, ауыл шаруашылығы дамуының негізгі мақсаттары мен азық-түліктің қауіпсіздігі туралы, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасайтын Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу ниеті туралы хабардар етті. Сұхбаттасушылардың ерекше назары қазақстандық ауыл шаруашылық өнімдерін ЕО-ға экспорттау мәселелеріне арналды.

Өз кезегінде Еурокомиссар Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылатын ауыл шаруашылығы саласындағы сындарлы ынтымақтастықтың жалғасатынына үміт білдірді.