Люксембургте алғаш рет қызғалдақ фильмі көрсетілді  

Люксембургте алғаш рет қызғалдақ фильмі көрсетілді   

Люксембург, 2021 жылғы 24 маусым - Люксембургте танымал "Cinémathèque" кинотеатрында «Қызғалдақ» фильмінің көрсетілімі өтті. Басты рөлдердің бірінде басты әйел рөлі үшін Канн фестивалінің жүлдесін жеңіп алған қазақстандық актриса Самал Еслямова ойнады.

Аталған көрсетілім «Қазақстан – Люксембург» ынтымақтастық қауымдастығының бастамасы бойынша Бельгиядағы және Люксембургтегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. 2019 жылғы қаңтарда құрылған қауымдастық Қазақстан мен Люксембург арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды жан-жақты ілгерілетуге ықпал етіп келе жатқанын атап өткен жөн.  

Люксембург көрермендері фильмді жылы қабылдап, іс-шара қатысушыларды қуантты. Іс-шараға Люксембург министрліктерінің, ведомстволарының, іскер топтары мен мәдениет, қоғамдық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ осы елде тұратын отандастар қатысты.