«Қазақстан-Люксембург» ынтымақтастық қауымдастығына Қазақстан Президентінің алғысхаты табыс етілді

«Қазақстан-Люксембург» ынтымақтастық қауымдастығына Қазақстан Президентінің алғысхаты табыс етілді

Брюссель, 4 маусым - Қазақстанның Еуропалық Одақтағы Өкілі Марғұлан Баймұхан мәдени қарым-қатынастарды нығайтуға және қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.

2019 жылы құрылған Қауымдастық Қазақстанның шетелде оң имиджін ілгерілетуге, Қазақстан мен Люксембург арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды іске асыруға елеулі үлес қосуда.

Қауымдастық люксембургтіктерді Қазақстанның бай тарихымен, мәдени мұрасымен және экономикалық мүмкіндіктерімен таныстырады. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қауымдастық Қазақстанның «Отандастар» ұлттық қорымен, Люксембургтегі ҚР Құрметті консулдығымен және Люксембургтің сауда-өнеркәсіптік палатасымен белсенді ынтымақтасады.

Қауымдастық өз қызметі аясында Елшіліктің қолдауымен Люксембург көрермендері үшін алғаш рет «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің көрсетілуін, Люксембургте тұратын қазақстандықтардың интеграциялық кездесуін және басқа да мәдени және туристік іс-шаралар ұйымдастырды.

Кездесу барысында «Қазақстан-Люксембург» қауымдастығының басшысы Нұргүл Тұрсын алдағы уақытта жүзеге асырылатын имидждік және мәдени жобалар туралы айтып берді.