Қазақстан мен Еуропалық Парламент ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстан мен Еуропалық Парламент ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Қазақстанның Еуропалық Парламентпен ынтымақтастығын жандандыру шеңберінде Қазақстанның ЕО жанындағы Өкілі Марғұлан Баймұхан Еуропалық Парламенттің Орталық Азия және Моңғолия бойынша Делегациясы төрағасының орынбасары Атидже Әлиева-Велимен (Болгария), сондай-ақ еуродепутаттар Михель Галер (Германия) және Раса Юкнявиченмен (Литва) кездесулер өткізді.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат еуродепутаттарға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған саяси әлеуметтік және экономикалық реформалардың үш пакетін іске асыру аясында болып жатқан Қазақстандағы демократиялық өзгерістер туралы өзекті ақпаратпен таныстырдыҚазақстандық қоғамдағы адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру нәтижелерін талқылауға ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде еуродепутаттар Қазақстанмен адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша озық тәжірибе алмасуға бағытталған сындарлы диалогты кеңейтуді қолдайтындарын жеткізді. Сонымен қатар, тараптар COVID -19-ға қарсы күрес шараларын, сондай-ақ #QazVac отандық вакцинасын өндіруге байланысты мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында тараптар парламентаралық өзара іс-қимыл форматында қазақстандық-еуропалық диалогты одан әрі жандандырудың маңыздылығына қатысты ортақ пікірге келді.