Брюссельде Энергетикалық Хартиямен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Брюссельде Энергетикалық Хартиямен ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Брюссель, 2021 ж. 20 мамыр – Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Тұрақты Өкілі Марғұлан Баймұхан Энергетикалық Хартияның Бас Хатшысы Урбан Руснакпен кездесті.

Кездесу барысында  Қазақстан мен Энергетикалық Хартия арасындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттары, атап айтқанда, энергия тиімділігі, сауда және энергия ресурстарының транзиті, инвестицияларды қорғау және қоршаған ортаны қорғау салалары талқыланды.

Елші М. Баймұхан Энергетикалық Хартияның басшысын Қазақстан экономикасының тұрақты өсуін дамыту жөніндегі Қазақстан Үкіметінің негізгі шараларымен, оның ішінде 2025 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық, инфрақұрылымдық және цифрлық даму бойынша  мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен таныстырды.

Тараптар Энергетикалық Хартияға Шартты жаңғырту үдерісі шеңберіндегі қазақстандық бастамалар мен ұсыныстарды ілгерілету мәселелеріне аса назар аударып,  Арменияның төрағалығымен 2021 жылғы маусымда және желтоқсанда өтетін Энергетикалық Хартияның халықаралық форумына және Энергетикалық Хартия жөніндегі министрлер конференциясының 32-ші отырысына Қазақстан делегацияларының қатысуын талқылады.

Өз кезегінде, Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы У. Руснак ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2060 жылға қарай ұлттық экономиканы декарбонизациялау және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу саласындағы бастамаларына оң баға берді. Атап өтілгендей, Қазақстан Энергетикалық Хартия қызметінде маңызды рөл атқарады және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосуда.

 

Анықтама: 1991 ж. 17 желтоқсаннан бастап Қазақстан  Еуропалық Энергетикалық Хартияның мүшесі болып табылады. Энергетикалық Хартияға Шартқа (ЭХД) ҚР Президентінің 1995 ж. 18 қазандағы Жарлығымен қол қойылды және ратификацияланды. Қазақстан 2014 ж. Энергетикалық Хартия жөніндегі конференцияның бірінші төраға–ел болды. Қазақстан төрағалығы шеңберінде энергетикалық секторға инвестицияларды тартуға, транзитке және саудаға, дауларды шешу тетігін жетілдіруге, сондай-ақ Энергетикалық Хартия үдерісін жаңғыртуға қатысты ұсыныстар ұсынылды. маңызды сәттері  Энергетикалық Хартия үдерісінің Астана декларациясында ең маңызды сәттер көрсетілген.