Қазақстан Елшісі Бельгиядағы Дипломатиялық корпустың басшысымен кездесті

Қазақстан Елшісі Бельгиядағы Дипломатиялық корпустың басшысымен кездесті

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Марғұлан Баймұхан Дипломатиялық корпустың басшысы, Бельгиядағы Апостолдық Нунцийі Монсеньор Августин Касуджамен кездесті.

Тараптар бір-бірін алдыңғы күні тойланған Ораза айт мерекесімен және Ғибадат күнімен құттықтады.

Қазақстандық дипломат көрнекті діни өкілдер қатысуымен өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметі туралы айтты және А.Касуджаны Қазақстанға келуге шақырды.

Апостолдық Нунций Қазақстан елшісін Бельгиядағы дипломатиялық қызметтің басталуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.