Қазақстанның Еуроодақ жанындағы Тұрақты өкілі Еурокомиссия Протокол қызметінің басшысына сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Қазақстанның Еуроодақ жанындағы Тұрақты өкілі Еурокомиссия Протокол қызметінің басшысына сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті

Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Еуропалық комиссияның Протокол қызметінің басшысы Николя де Ля Грандвильге сенім грамоталарының көшірмесін табыс етті. Н. де Ля Грандвиль қазақстандық дипломатты жаңа қызметіне кірісуіне орай құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі.