Қазақстан мен Люксембург цифрландыру саласындағы жобаны іске асыруға ниетті

Қазақстан мен Люксембург цифрландыру саласындағы жобаны іске асыруға ниетті

Брюссель, 2021 жылғы 10 мамыр - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Б.Тілеуберді Брюссельге сапары барысында  «Société Européenne des Satellites» (SES) жетекші жаһандық спутниктік операторларының бірінің бас қаржы директоры С.Джаланмен кездесті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Б. Тілеуберді Берлин Еуразиялық клубының отырысы шеңберінде «Société Européenne des Satellites» (SES) жетекші жаһандық спутниктік операторларының бірінің бас қаржы директоры
С. Джаланмен кездесті.

Келіссөздердің басты мақсаты цифрлық теңсіздікті жоюға және Қазақстанның барлық өңірлерінде шалғай жатқан 2400 ауылдық елді мекенді Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған цифрландыру саласындағы әлеуетті жобаны талқылау болды.

Бұл жоба Мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың цифрлық теңсіздікті жою, сондай-ақ, интернетке барынша қол жеткізуді және қазақстандық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы соңғы жолдауы аясында өте өзекті және уақтылы болып табылады. Цифрлық теңсіздікті жою және Қазақстан Республикасының шалғайдағы ауылдық елді мекендерін интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер де «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында белгіленген.
Бұл міндеттерді шешу экономикалық тиімділікке ие болып, мемлекетке табыс пен пайда әкелуі тиіс.

Қазіргі таңда «SES» ең жақсы сапалы бейне мазмұнын таратады, бүкіл әлем бойынша байланыс орнатады, сонымен қатар ғаламдық қамту мен жоғары өнімділіктің артықшылықтарының ерекше үйлесімі бар әлемдегі жалғыз орбиталық жерсеріктік топтамамен жұмыс істейді, оның ішінде коммерциялық тұрғыдан сәтті, орташа жоғары орбитада O3b топтастырылған, төмен сигнал тарату кідірісі бар.