Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия Сыртқы істер министрлігі Протокол қызметінің басшысы Оливье Белльге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.
О.Белль қазақстандық дипломатты лауазымға тағайындалуымен құттықтады және Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынастарды дамыту бағытындағы қызметіне сәттілік тіледі.