
2021 жылғы 10 мамырда Брюссель қ. Берлин Еуразиялық клубының 31-ші отырысы өтеді. «Ауыл шаруашылығының инвестициялық және экспорттық әлеуетін арттыру, адамдар арасындағы байланыстарды өрбіту – Қазақстанның аграрлық және туристік секторларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері» тақырыбына арналатын жоғары деңгейдегі кездесуде Қазақстан, Еуроодақ және Германияның жоғары деңгейдегі өкілдері, сондай-ақ Германия аграрлық секторының компаниялары сөз сөйлейді. Кездесуге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Б.Тілеуберді және ЕО Ауылшаруашылығы жөніндегі комиссары Я.Войцеховски қатысады.
Іс-шараның бағдарламасымен төменде танысуға болады.
Қатысу үшін мына сілтемені қолданыңыз: https://zoom.us/j/99241523950, идентификатор: 992 4152 3950
Іс-шара 10 мамырда Брюссельде өтетін ЕО-Қазақстан ынтымақтастық кеңесінің 18-ші отырысы аясында ұйымдастырылуда. Берлин еуразиялық клубы Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық келісім шеңберінде ауылшаруашылық саласындағы инвестицияларды ілгерілету және ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Берлин еуразиялық клубы 2012 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразияшылдық көзқарасын және «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында құрылды. Клуб Қазақстан мен Германия, сондай-ақ Еуропалық Одақ арасындағы ауқымды қоғамдық-саяси мәселелер бойынша диалог алаңы болып табылады.