
2021 жылғы 10 мамырда Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ Ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Отырысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Сыртқы істер министрі М.Б.Тілеубердінің қатысуы күтілуде.
Биылғы Ынтымақтастық кеңесі Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынастың маңызды кезеңінде орын алмақ. Кездесу ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім (Келісім) 2020 жылғы 1 наурызда күшіне енгеннен кейінгі алғашқы отырыс болмақ. Қазақстан мен Одақ арасындағы стратегиялық серіктестік сауда және инвестиция, қауіпсіздік, инновация, білім және мәдениет сияқты бірқатар салаларды қамтиды.
Тараптар Келісімнің жүзеге асу барысын, саяси, экономикалық және сауда саласындағы өзара қарым-қатынастарды, заң үстемдігі мен адам құқықтары мәселелерін, сондай-ақ аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылауды жоспарлауда.
Кездесу қорытындысы бойынша БАҚ-қа арналған брифинг өтеді. Брифингті мына сілтемеден қарауға болады.